Қостанайда 12 жылдық білім жүйесіне ауысу мәселелері талқыланды

ҚОСТАНАЙ. Қарашаның  3/Петр Плахотников/ - Қостанай   мемлекеттік педагогикалық   институтының  базасында «12 жылдық   білім   -  үздіксіз білім     беру  жүйесін  дамытудың  негізі ретінде»  деген тақырыпқа арналған   республикалық семинар-кеңес   өтті.Семинар-кеңесте   Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  12  жылдық   білім  жүйесіне ауысу   жөніндегі  іс-шаралардың жоспары  мен    желілік  кестесіне сәйкес әзірленген   12   жылдық   білімнің  мазмұнын  анықтайтын нормативтік және    тұжырымдамалық    құжаттар қаралды.

Жиналған   қауымға    негізгі  және    жалпы  орта  білімнің   мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарттарының,   оқушылардың  білім  жетістіктерін бағалау  жүйесінің,     Қазақстан  Республикасында   кәсіптік  білімді  дамыту  тұжырымдамасының  жобалары  таныстырылды.    Барлық  жобалар  кеңес  барысында     кеңінен талқыланды.

Семинар жұмысына     Білім және ғылым министрлігі  Орта  білім  департаментінің  директоры Нұрғали  Аршабеков,   Ы.Алтынсарин  атындағы    Ұлттық  білім  академиясының    президенті Тахир  Балықбаев,   облыстық білім  басқармалары мен    біліктілікті  жетілдіру  институттарының,  аудандық білім бөлімдерінің басшылары, әдіскерлер  қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе