Павлодардағы № 3 гимназия 55 жылдығын атап өтті

ПАВЛОДАР. 11 Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған № 3 гимназия өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлады білім беру басқармасынан.Бұл білім ордасы облыстағы үздіктердің қатарына жатқызылады. Оның оқушылары - халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері, ал түлектері республиканың беделді жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттарын алып отырады.

 Талантты мұғалімдер ұжымына білім берудің жаңашылы, аймақтың жетекші педагогтерінің бірі Жомарт Қарамбаев жетекшілік етеді. Бұл жерде оқу ошағында әр жылдары жұмыс істеген мұғалімдер туралы мәліметтер жазылған арнайы Естелік кітабы құрастырылды.

 Бұрынғы және қазіргі ұстаздар мектеп тарихы туралы баяндайтын слайд-фильмді бірге тамашалады. Өздерінің жастық шағының өлеңдерін гитарамен айтқан 1957 жылғы түлектерді қол шапалақтап қарсы алды.

 Дастархан басында жиналған ұстаздар мен бұрынғы оқушылар өткен уақытты естеріне алып, болашаққа жоспарларымен бөлісті және туған мектебіне жаңа жетістіктер тіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе