Қазақстан мен Пәкістанның әскери қызметшілері ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастырды (ФОТО)

Бүгін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов пен Пәкістан ҚК ӘТК штабтық колледжі делегациясының басшысы коммадор Сәжид Махмұд Шахзаданың кездесуі барысында әскери білім беру және кадрларды даярлау аясындағы ынтымақтастық талқыланды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.«Қазақстандық тарап тәжірибе алмасу, персоналды оқыту, халықаралық әскери жарыстар мен оқу-жаттығуларға қатысу жөніндегі бірлескен күш-жігерді өрістетуге ниетті», - деді өз сөзінде контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Қазақстан мен Пәкістанның әскери ынтымақтастығын дамытудағы маңызды бағыт әскери білім беру болып табылады. Бүгінде қазақстандық әскери қызметшілердің Пәкістан Ислам Республикасының оқу орындарында, Құрлық әскерлерінің Әскери академиясында, Ұлттық қорғаныс колледжінде және т.б. білім алуларына мүмкіндіктері бар.

Өз кезегінде, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жыл сайын таныстыру сапарымен Қазақстан Республикасына келетін пәкістандық әскери колледждердің тыңдаушыларын қабылдайды.  Бүгінгі күні Қазақстан мен Пәкістанның Қарулы Күштері әртүрлі бағыттарда өзара іс-әрекет жасап жүргендерін айта кеткен жөн. Қорғаныс аясындағы екіжақты қарым-қатынастың дамудағы әлеуеті орасан зор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе