Сыр өңірінде 12 мектеп салынады

Бүгінгі күні Қызылорда облысы Сыр өңірінде республикалық бюджет есебінен 8700 орындық 12 мектеп салынуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов хабарлады.«Оның ішінде 4500 орындық 6 білім ошағы биыл, ал қалғаны келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда Шиелі және Жаңақорған аудандарында 2100 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді», - дейді Наурызбай Байқадамов.

Облыста 25 мектеп апатты жағдайда тұр. Соның 11-інің құрылысы осы жылы, қалған 14-і бойынша жұмыстар 2015 жылы аяқталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе