Елордалық студенттер Швецияның Гетеборг қаласында өткен математика конференциясына қатысты

АСТАНА. 19 сәАстананың студенттер командасы Швецияның Гетеборг қаласында өткен «Шығармашылық және ерте жастағы инновация»  Еуропалық «EUROMATH 2013» математика конференциясына қатысты.Бұл туралы astana.kz сайтына  «Астана-дарыны» РҒТО мәлім етті.

Конференцияны «Астана-дарыны» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қатысуымен Еуропаның математикалық қауымдастығы ұйымдастырды. Ол математика саласындағы көптеген тақырыптарды қамтыған бірнеше семинарлар мен сессиялардан тұрады.  

Орталықтың мәліметі бойынша, конференцияға әлемнің 19 елінен 510 студент қатысқан. Олардың қатарында: Қазақстан, Австрия, Болгария, Хорватия, Италия, Кипр, Индонезия, Иран, Испания, БАӘ, Уганда және басқа мемлекеттер бар.

Қатысушылар шығармашылық ахуалда Еуропа математика қоғамының президенті Марта Санз-Соле, Кипрдің математика қоғамының  президенті Григорий Маркидес, Болгарияның математика одағының мүшесі Сава Гроздев сияқты Еуропаның көрнекті математиктерімен, Еуропа университеттерінің өкілдері Ерхардом Макридесом (Берлин университеті, Германия),  Майклом Ламбру (Крит университеті, Греция), Лаурой Файнсилбермен (Чалмерс техникалық университеті мен Гетеборг университеті) қоян-қолтық жұмыс істеген.

Конференцияда Қазақстан астанасының намысын 15 студент қорғады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе