Ақтауда «Дипломмен ауылға» деген тақырыпта облыс жастарының форумы өтті

АҚТАУ. Қарашаның 10/Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Ақтау қаласында «Дипломмен ауылға» деген тақырыпта облыс жастарының форумы өтті. Форумға 18 бен 29 жас аралығындағы облыс көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жастар ұйымдарының көшбасшылары, жас жұмысшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен мамандар қатысты,деп тілшісі.

  Алқалы жиын мақсаты - жастар арасындағы қоғамдық белсенділік пен өзара ынтымақтастықты дамыту және «Ауыл жастары»  жалпыұлттық бастамасына орай 2009 -2011 жылдарға арналған іс-шаралар  жоспарының аясында ауылдарда патриоттық тәрбие мен жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. 

 Форумға облыс әкімі  Қырымбек Көшербаев пен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының  және  «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.   Облыс басшысы  жастарға өлкенің әлеуметтік экономикалық жағдайын әңгімелеп, жас мамандарды ауылға тартудың өзектілігін баяндады.

 Ауылда қызмет етіп жатқан жастар ұйымдарының белсенділері мен «Жас Отан» жастар қанатының делегаттары өздерінің құрбыларын ауылға шақырды.  Форумға қатысушылар Елбасының, «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан жастары саясатының түпқазығына айналуы керек», деген міндетін жүзеге асыру бағытын ұстанатындықтарын бірауыздан білдірді.

  «Әрбір жас қоғамнан өз орнын табуы тиіс. Облысымыздағы барлық белсенді жастарымызды ауыл кадрларын толықтыруға шақырамын. Жастық күш-қайраттарыңыз бен жалынды жігерлеріңізді туған ауылды көркейтуге жұмсаңыздар. Өйткені ауыл - біздің түп қайнарымыз, ауыл - армандарымыздың бастауы»,  деді Қ.Көшербаев.

 Жиын барысында  облыс әкімі «Жастар саясаты мен жастарға патриоттық тәрбие беру» өңірлік бағдарламасы аясында өткізілген «Жас Тұлпар» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе