Мектеп, зауыт, медорталықтар: Елордада қандай нысандар салынады

– Нұр-Сұлтан әкімінің төрағалығымен өткен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жоба таныстырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаларды іске асыру 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және ел экономикасына 20 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді. Жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық, төрт мектеп салу жоспарланып отыр, 2-ші базада балабақшалар жұмыс істейтін болады. Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «International School of Nur-sultan City» ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлап отыр. Жүйенің ерекшелігі - әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады. Кеңесте сондай-ақ медициналық орталық, спорт кешені мен көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобалары да қолдау тапты. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қаралды. Олар: асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт. Бүгінгі таңда елордада 21,8 млрд. теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалды: ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласында - 1 және білім беру саласында жеке меншік мектептер құрылысы бойынша 4 жоба.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе