Сенатор Қ. Айтаханов студенттер арасында ауыл жастарының үлесі азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді

АСТАНА.  13 Студенттер арасында ауыл жастарының үлесі жыл сайын азайып барады. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті.

Сауал барысында сенатор елімізде жыл сайын жоғары оқу орындарының оқу ақысы қымбаттап бара жатқанын, ал бұның қарапайым ауыл тұрғандарының жағдайына әсер етіп отырғанын атап өтті. «Еліміздің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Қазақ-Британ техникалық университетінің қаржы-мұнай саласындағы мамандықтарының оқу ақысы жылына 1,5 млн. теңгеден асады. Ақылы оқудың ең арзаны 350-400 мың теңге аралығында. Бір үйде екі бала студент болса, жыл сайын оқу ақысының өзіне 700-800 мың теңге қаржы керек. Бұл жағдай, көп балалы ауыл тұрғындарының  мектеп бітіруші балаларының жоғарғы білім алу мүмкіндігін шектеуде. Осылай бола берсе жоғарғы оқу орындарында тек қалталы азаматтардың балалары ғана оқитын болады. Талай ғалым мен дарындардың ауылдан қарапайым отбасылардан шыққанын ескерсек, мұның өзі ауыл жастарына жасалып отырған әділетсіздік екені сөзсіз», - дейді депутат.

Сонымен қатар, Қуаныш Айтаханов  әр жаңа оқу жылы сайын оқу ақысының өсе түсуі жалпы студенттер санының азаюына да ықпал етіп отырғанын да айтты. Мәселен, депутаттың мәліметінше, 2005-2006 оқу жылында еліміздегі жоғарғы оқу орындарында 775 762 студент білім алса, 2011-2012 оқу жылы студенттер саны 19%-ға азайған. Бұл негізінен ауыл жастарының есебінен болып отыр.

«Ауылдық жерлерде халқымыздың жартысына жуығы тұратынына қарамастан жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер ішінде ауыл жастарының үлесі жыл сайын азаюда. Мысалы: 2005-2006 оқу жылында жоғары оқу орындарына 90 324 ауыл жастары қабылданса, 2008 жылы оның саны 54 210 немесе 40%-ға төмендеген. Ал, 2009 жылдан бері мемлекеттік квота бойынша түскен ауыл жастарының санынан басқа ауыл жастарының оқуы туралы мәліметтер статистикалық бюллетендерден алынып тастаған. Егер осылай жалғаса берсе ертең халқымыздың да сапалық көрсеткіші төмендей берері анық. Бұл еліміздің болашағы үшін қауіпті», - дейді сенатор Қ. Айтаханұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе