Таразда алғаш рет тегін білім беретін жекеменшік мектеп-гимназия ашылады

– Жамбыл облысында алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында тегін білім беретін алғашқы жекеменшік мектеп-гимназияны ашу жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев төрт қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты, деп облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ARAI-ELITE» жекеменшік элиталық мектеп-гимназиясы - тегін білім беретін облыстағы алғашқы жекеменшік білім ордасы болмақ. Өткен жылдың тамыз айында іргесі қаланған нысанның құрылысы қызу жүргізілуде. Бас мердігер «Арайқұрылысмаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері ғимаратты жаңа оқу жылы басталғанша пайдалануға беруге уәде беріп отыр. Жұмыс сапары кезінде Бердібек Сапарбаев құрылыстың барысымен жан-жақты танысты. Төрт қабатты ғимарат 1025 оқушыға шақталған. 41 оқу кабинеті, компьютер сыныбы, химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ балаларға арнап футбол және баскетбол алаңдары мен ойын алаңшалары салынбақ. Бұдан соң облыс әкімі барған келесі нысан – «ARAI» медициналық орталығы болды. Бұл ғимараттың реконструкциялық жұмыстарымен де «Арайқұрылысмаркет-2003» компаниясы айналысуда. 1972 жылы салынған ғимарат көптен бері жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Медициналық орталықта стационарлық, стационарға жатқызу, амбулаторлық-емханалық көмек қызметтерін көрсетіледі. Мұнда жалпы хирургия және жалпы терапия бөлімдері жұмыс істейді. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша медициналық орталықтың бір бөлігі бұрынғы қалпында жұмыс істеп, дәрігерлер әлі де науқастарды қабылдауда. Коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты дезинфекциялық дәліз ұйымдастырылған. Аймақ басшысы сапалы құрылыс материалдарын қолданып, нысанды мерзімінде пайдалануға беруді міндеттеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе