«Болашақ» стипендиаттарының 4 мыңға жуығы Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында білім алды

АСТАНА. 29 «Болашақ» стипендиаттарының 4 мыңға жуығы Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында білім алды. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Ұлыбританияның Жоғары білім және ғылым министрі Дэвид Виллетс айтты.«Біз «Болашақ» бағдарламасының арқасында Қазақстан қазірдің өзінде-ақ өзінің 2050 жылға дейін арналған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге үміт арта алатындығына әрі әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан көрінетіндігіне сенімдіміз. Бұл ел әлемнің барлық басқа елдері сияқты өзінің жас ұрпақтарына тәуелді. Дегенмен, сіздер өздеріңіздің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізе алатындықтарыңызға әр уақытта да сенімді бола аласыздар. Өйткені жас ұрпаққа инвестиция салып отырсыздар», - деді ол.

Сонымен қатар осыдан 20 жыл бұрын жүзеге асырыла бастаған бұл бағдарлама аясында 10 мыңнан астам студент білім алғандығын баса айтқан ол: «Оның шамамен 4 мыңы Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында оқыды. Осы ретте қазақстандық студенттердің басым бөлігі біздегі әлемдегі үздік университеттерді таңдайтындығына өте қуаныштымыз. Біздің университеттер әр кезде де Қазақстаннан келген студенттердің білім сапасын ерекше атап өтеді», - деді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе