Оралдағы мектеп-интернатта бір күнде 12 бала ауырып қалды

- Оралдағы мектеп-интернатта бір күнде 12 бала ауырып қалды, деп тілшісі. 

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірованың айтуынша, оқиға М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 4 сәуір күні кешкісін орын алды.

Сағат 19.30-да 12 оқушы жағдайының нашарлағанын айтып, шағымданғаннан кейін мектептің медициналық изоляторына жатқызылған. Мектеп дәрігерлері барлық ем-шараны қабылдап, балаларды бақылауға алды. Осы мектеп бекітілген №6 емханадан жұқпалы аурулар дәрігері шақыртылды.

Балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

«5 сәуір күні сағат 16.30-дағы жағдай бойынша изоляторда жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) диагнозымен үш оқушы қалды. Қалғандары интернатқа ауыстырылды», - тілшісіне Ү.Жәңгірова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына жедел жәрдемнің шақырылмағанын жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе