Өткен жылы кәсіби лицейлер мен техникалық колледждер 9,3 мың білікті жұмысшыны дайындады - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 15 Өткен жылы Павлодар облысының кәсіби білім ордаларында білім алған 9 329 түлектің дені экономика және көлік, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, информатика және есептеу техникасы саласының мамандары болып табылады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.  Биылғы оқу жылында өңірдің 53 кәсіби лицейі мен техникалық колледжінде 29 455 адам білім алуда, бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 пайызға аз.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 15 075 адам (51,2 пайыз) тегін білім алу үстінде, қалғандары ақылы түрде оқып жатыр.

Техникалық және кәсіби білім ордаларында өндірістік оқыту бойынша 2 065 оқытушы мен 340 шебер жұмыс істейді. Білім ордаларында қызмет етіп жатқан оқытушылар арасында 75, 6 пайызы және шеберлер арасында 57 пайызы - әйелдер.

Өндірістік білім берудің 648 оқытушысы мен 38 шеберінде жоғары санаттары бар, оқытушылардың 92,7 пайызы мен шеберлердің 50,6 пайызы жоғары білімді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе