Иван Дычко келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіндігі белгілі болды

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычоның кәсіби рингтегі кезекті кездесуі кіммен өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.Иван Дычоның қарсыласы болып 32 жастағы америкалық Майкл Маррон  (21-8, 15 КО) белгіленді. Жекпе-жек 16 маусымда Сент-Питерсбергте (АҚШ, Флорида штаты) өтеді.

Марроне өз карьерасында 18-0 рекордына қол жеткізген, сондай-ақ ол кезінде әлемнің бұрынғы чемпионы Шэннон Бриггспен рингте кездескенімен де мақтана алады.

Еске сала кетейік, Дычко  Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында 24 наурызда өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе