Ақтөбе қаласында балабақшалар кезегінде 19 мыңнан астам бала тұр

АҚТӨБЕ. 13 Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің кезегінде 19 433 бала тұр. Жоспар бойынша 2012 жылы Ақтөбеде 2253 орынға арналған 13 мектеп алды дайындық мекемесін іске қосу көзделіп отыр.Бюджет қаражаты есебінен 1450 орынға арналған 9 балабақша салынады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

«Балапан» бағдарламасына сәйкес, 2012 жылдан бастап мектепке дейінгі  жекеменшік мекемелерге мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру жұмыстары басталады. Бүгінгі күні Ақтөбеде мемлекеттік білім тапсырысын 1042 орынға енгізу мәселесі қарастырылуда.

Ақтөбеде 2012 жылдың наурыз айында 372 орынға арналған «Ақбөбек» балалардың білім беру орталығы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ тамыз айында 12-нші шағын ауданда 215 орынға арналған 2 жекеменшік балабақшаны іске қосу жоспарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе