С. Ахметов педагогикалық еңбектің тиімділігін мониторингілеу жүйесін енгізуді ұсынды

АСТАНА. 26 Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов педагогикалық еңбектің тиімділігін мониторингілеу жүйесін енгізуді ұсынды.«Педагогикалық еңбектің тиімділігін мониторингілеу жүйесі қажет. Мектептердегі психологиялық жұмыстарға барынша назар аудару керек», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетерлігі, жиын барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы ұстаз біліктілігі бойынша индикатор артығымен орындалғанын, 2013 жылғы жоспардан асып түскендігін айтқан еді.

«Енді Назарбаев Зияткерлік мектептері Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген жаңа үш айлық жүйе бойынша біліктілікті арттыру басты маңызға ие», - деді министр.

Оның атап өтуінше, екі жылдың ішінде жаңа жүйемен шамамен 8 мыңға жуық педагог біліктілігін арттырып, бүгінде жалақысына айтарлықтай үстеме алып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе