Қазақстандағы медициналық білім беруді түбегейлі жаңғырту қажет - Д. Назарбаева

АСТАНА. 20  Қазақстанда медицина саласының қызметкерлерін даярлау жүйесі түбегейлі өзгеруі және халықаралық стандарттарға сай болуы қажет.Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асуының бірінші жылдығына арналған Үкімет сағатында депутат Дариға Назарбаева осылай мәлім етті.

«Қабылданған шараларға қарамастан, медициналық білім және ғылым саласында кадр даярлаудың сапасы мен жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейі негізгі проблема болып қала береді. Бұл ретте медициналық білім беретін, медбикелерді  даярлайтын және қайта даярлайтын біздің жүйеміз түбегейлі жаңғыртуды қажет етеді», - дейді депутат.

«Бүгінгі күні әсіресе емханалық және аудандық ауруханалар деңгейіндегі медициналық қызмет сапасының деңгейі өте төмен. Бұл медперсоналды даярлаудың базалық деңгейінің тым төмендігімен байланысты. Олар диагностиканың, емдеудің, жаңа технологиялардың халықаралық стандарттары туралы заманауи білімге ие емес, ауруларды қарау принциптері мен медициналық этикасы да төмен», - дейді Д. Назарбаева.

 Оның пайымдауынша, еліміздегі медқызметкерлерді даярлау жүйесі  сапаға емес санға бағдарланып отыр. Бұл ретте депутат, дамыған елдердегі тәжірибелерді алға тартты. «Оларда медициналық білім беру ішінара немесе толығымен ағылшын тілінде жүреді, өйткені заманауи жаңалықтар да, қазіргі ғылымның жетістіктерінің бәрі де, стандарттары да  осы тілде таралады. Ал медициналық ЖОО-ларға 150-200 адамнан артық қабылданбайды, бұл дәрігерлердің сапалы біліміне де әсерін тигізеді. Сонымен қатар, әлгіндей ЖОО-ның бәрінде университеттік клиникалар баршылық, онда студенттер ғылыммен айналысады. Жалпы осындай халықаралық стандартты қағидатты түрде енгізбей салада алға жылжушылық болмайды», - дейді ол.

Бұл ретте Д.Назарбаева, медициналық қызметкерлерді оқытуды жаңғырту шарасының айтарлықтай бюджет қаражатын талап ететінін де атап өтті. Ал қаражатты мақсатты әрі тиімді пайдаланып, нәтижелі жоспарлау қажет. Оның айтуынша, бүгінгі күні миллиардтарды жұмсап, алдыңғы қатарлы қондырғылар сатып алынғанымен, мамандар сәйкесінше базалық даярлықтан өтпесе, «ақша желге ұшқанмен тең».

«Бүгінгі күні шынымен еліміздің денсаулық сақтау саласы заманауи технологиялармен жақсы жабдықталып келеді. Өкінішке қарай, әсіресе ауылдық өңірлердегі дәрігерлер жаңа құрылғылармен жұмыс істей алмайды», - деді Д. Назарбаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе