ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар тәрбиесі жұмысының типтік кешенді жоспарын әзірледі

АСТАНА. 24 ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар тәрбиесі жұмысының типтік кешенді жоспарын әзірледі.Бұл туралы бүгін Астанада  «Бірлік.кz» республикалық жастар форумы барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.  

«Қазіргі уақытта министрлік тәрбие жұмысының типтік кешенді жоспарын әзірледі. Аталмыш форумға барлық аймақтардан жиналған біздің жастарымыз, жастар ұйымдарының көшбасшылары, ЖОО-ның ғалымдары, әдіскерлері, жұмыс топтары екі аптадан бері Еуразия ұлттық университетінің базасында осы типтік жоспардың жобасын дайындады. Онда жастардың тұлғасын әлеуметтендірудің бірыңғай тәсілдері нақты анықталатын болады», - деді вице-министр.

Оның атап өткеніндей, жастар тәрбиесі жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен нысандарды қолдану қажет болып отыр.

«ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев биылғы Жолдауында тәрбиені күшейту қажеттігіне баса назарды. Елбасы патриотизм, мораль мен парасаттылық нормаларына, ұлтаралық келісім мен толеранттылыққа ерекше қөңіл бөлді», - дейді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе